«ҚОРҚытпаңыздар, Қуанышты хабар айтыңыздар, СҮйіншілеңіздер. Жирендірмеңіздер, жақсы көргізіңіздер)»



Скачать 52.71 Kb.
страница1/2
Дата30.11.2019
Размер52.71 Kb.
Название файлаЕркегүл АРЫҚҚАРАҚЫЗЫ Қорқытпаңыздар... Microsoft Office Word (2).docx
  1   2

«ҚОРҚЫТПАҢЫЗДАР, ҚУАНЫШТЫ ХАБАР АЙТЫҢЫЗДАР, СҮЙІНШІЛЕҢІЗДЕР. ЖИРЕНДІРМЕҢІЗДЕР, ЖАҚСЫ КӨРГІЗІҢІЗДЕР)»

( Түрік ақыны, жазушы Гүлай Сормагештің «Жараларға дәрумен» әңгімесінен аударма)

Оқушыларым үзіліске шыққан еді. Мен де сыныптан бөлмеме барып, компьютерден музыка тыңдап отырдым. Әрі тынығып әрі тыңдап отырған едім. Бір жағынан дәріске кіргенімде нелер жасауым керектігін тағы бір рет көзден өткіздім. Соншалықты ойланып кетіппін, есік қоңырауы соғылғанда селк ете түстім. Бөлмемнен есікке қарау үшін шықтым және есікте жас бір жұппен ұшырастым.



  • Қош келдіңіздер, жоғары шығыңыздар. Екеуі де біраз алаңдаулы еді. Жүздеріне жайылған жадыраңқы жымиыспен екеуі жарыса: – Қош көрдік. Ұстаз ханым сізсіз бе?

  • Иә, менмін, сіздерге қандай көмегім керек еді?

Ерлі-зайыптылар:

  • Біз мүфтияттан келе жатырмыз. Мүфти бізді сізге жіберді.

  • Қәнеки, ішке кіріңіздер.

Қонақтарды бөлмеме алдым.

Мен өзімді таныстырдым, қонақтарым да өздерін таныстырды.



  • Ұстаз, біз кейбір мәселелерімізді сізбен бөлісіп, ақыл-кеңес алғымыз келген еді. Бізді тыңдайсыз ба?

  • Әлбетте, тыңдаймын. Мен бұған қуанамын. Өйткені біз сіздер үшін бармыз.

Алдымен зайыбы:

  • Ұстаз, мен лицей түлегімін, 6 жылдан бері ерлі-зайыптымыз. Осы күнге дейін өзім іштей екі ойлымын. Дінімді қалай ұстануым керек деп үнемі өзіме сұрақ қоямын.

Дінімді құрметтеу өміріме не береді? Намазымды оқуым керек деймін, кейде оқимын кейде оқымай қоямын. Бұл жағдай менің мазалайды. Бір ізденіс ішіндемін /үстіндемін/.

Апартаменттегі көршілер Құран-Кәрімді оқу және діни сұхбаттар үшін жиналды мені де шақырды, мен де бәлкім, сұрақтарыма жауап табармын деп қатыстым. Сұрақтарыма жауап таба алмағандай өзіме қарама-қайшы кереғарлыққа түстім. Әйтеуір күнәлі (күнәһар) болғанымды түсіне бастадым. Жұбайымды да бұл туралы мазаладым, оған да қыспақ түсіремін. Шығар жол іздеп жүрміз, не істесек екен?



  • Сіңілім, адамдар күнә жасар. Бұл себепті Жаратушының бізге тәуба есігі деген бір / мүмкіндік/ жол ашқанын білеміз емес пе?

  • Иә, білемін, қазірге дейін жасай алмаған, орнына келтіре алмаған жауапкершіліктерім не болады деп ойлап отырмын.

  • Білесіздер ме, адамдар Алла Расулымызға да келіп, қиындықтарын айтып, онымен ақылдасыпты. Хазіреті Пайғамбар оларға ешқашан ешнәрсенің соңының келгенін айтпапты. Әрдайым үмітті, мүжде-қуанышты хабар, сүйінші және ақкөңіл, кеңпейілділікті көреміз онда.

Тіпті бір хадисінде былай дейді:

«Қорқытпаңыздар, қуанышты хабар айтыңыздар, сүйіншілеңіздер. Жирендірмеңіздер, жақсы көргізіңіздер (сүйдіріңіз)».

Біздің шығар жолымыз бұл болуы керек. Махаббат, үміт, барысу-табысу, мүжде-қуанышты хабар, сүйінші.

Сіздер біз үшін ардақтысыздар, біз үшін қымбаттысыздар.



  • Ұстаз, апай, жүрегіме су серіптіңіз. Махаббат, үміт, барысу-табысу, мүжде-қуанышты хабар, сүйінші... Ммм! – деп күлімсіреп, басын шайқады.

  • Жалпы бауырмалдықты дін бауырластығына үгіттеген /насихаттаған/ бір діни байланыстамыз. Дін адам бақыты үшін бар. Ішкі әлемінің бақыты үшін жаралған. Ахлаһ-адамгершілік, ізгілік, рақымшылдық, қайырымы молдық, мейірімділік үшін бар. Бұл төңіректе Алла қаласа ойыңыздағы сұрақтар аз ғана уақыт ішінде жауабын табар дедім.

Кейін ер кісі былай деді:

  • Ұстазым, айлар бойы жұбайым дұрыс ұйықтай алмай жүр. Кітап оқиды. Тамақ ішіп отырсақ та кітабын қолына алады. Әдеттегі қалыпты өмірден алыс, қол үзгендей өмір сүреді. Бұл халі мені мазалайды.

Ашығын айтсам сізге келерде ешқандай үмітім болмаған. Аз қазір үміттімін.

  • Сізге көп рақмет! Сізбен тағы да кездесе аламыз ба?

  • Әрине, мен ханымыңызды ертең қайта күтемін. Кездескенше...

Ертеңінде келіскен уақытта ханым келді. Бұл жолы қуанышты да үмітті еді. Өзіне оқуы үшін бір кітап сыйладым. Осы аралықта күшті бір сенім орнықты арамызда. Ол күннен бүгінге кейін үнемі бір-бірімізді іздеп, қал-жағдайымызды сұрап тұрамыз.

Ханым Құран-Кәрімді оқуды қалады, таңдады әрі үйреніп те алды. Онымен қатар өздері бір кішкентай қызды да болды. Өткен үш жыл осылайша табысты да мағыналы үш жыл болды.
Бәрі де махаббаттан, сүйіспеншіліктен; гүлді, құмырсқаны, табиғатты, топырақты, өмірді сүюден, адамды сүюден басталады. Ештеңені күтпей-ақ жүрегіңді айқара ашу, илану (сену) және үміттің азат жолаушысы болудан басталады!
Аударған Еркегүл Арыққарақызы

Филология ғылымдарының кандидаты,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

«Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығының «Деректану, қолжазба мұралар» бөлімінің бас ғылыми қызметкері.





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2


База данных защищена авторским правом ©genew.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Лабораторная работа
Рабочая программа
Методические указания
Практическая работа
Методические рекомендации
Теоретические основы
Пояснительная записка
Учебное пособие
Общая характеристика
Общие сведения
История развития
Практическое задание
Федеральное государственное
Теоретическая часть
Физическая культура
Теоретические аспекты
Направление подготовки
Техническое задание
Дипломная работа
Образовательная программа
Методическая разработка
Самостоятельная работа
государственное бюджетное
Общие положения
квалификационная работа
Техническое обслуживание
Выпускная квалификационная
Технологическая карта
учебная программа
Общие требования
Общая часть
История возникновения
Рабочая учебная
Краткая характеристика
Основная часть
Решение задач
История создания
Методическое пособие
Метрология стандартизация
Исследовательская работа
Организация работы
Внеклассное мероприятие
Техническая эксплуатация
Государственное регулирование
Рабочая тетрадь
Информационная безопасность
Индивидуальное задание
Технологическая часть
государственное автономное